Kazakhstan

Not Free
34
100
A Obstacles to Access 12 25
B Limits on Content 12 35
C Violations of User Rights 10 40
Last Year's Score & Status
32 100 Not Free
Scores are based on a scale of 0 (least free) to 100 (most free). See the methodology және report acknowledgements.
People in Taldykorgan, Kazakhstan. Editorial credit: AlexelA / Shutterstock.com

Түйіндеме

Қазақстандағы интернет еркіндігі әлі де елеулі шектеулерге тап болуда. Алдыңғы есепті кезеңнен айырмашылығы, биліктегілер бүкіл ел бойынша интернетке қол жеткізуді шектеген жоқ, алайда наразылық акциялары мен митингтер кезінде жергілікті жерлерде ажыратулар орын алды. Үкімет жүйелі түрде веб-сайттарды бұғаттап отырады және олардан контентті алып тастау туралы бұйрықтар шығарып отырады. Онлайн-журналисттер мен үкіметті сынайтын тұлғалар құқықтық жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ кезектен тыс президент және парламент сайлаулары қарсаңында он журналистер мен БАҚ өкілдеріне физикалық шабуылдар саны артқан. Жаңалық сайттары мен мемлекеттік органдарға кибер-шабуылдар жасалды.

Есепті кезеңде Қазақстанда бірнеше сайлау науқаны өтті. 2022 жылдың маусым айында өткен референдумда бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше құқықтық мәртебесінен айыруды қоса алғанда, ел Конституциясының 33 бабына түзетулер мақұлданды. Қазіргі президент Қасымжомарт Тоқаев ресми деректер бойынша 81,3 пайыз дауыс жинап, 2022 жылдың қараша айында президенттікке қайта сайланды. Тоқаевтың авторитарлық режимі 2023 жылдың наурыз айында өткен кезектен тыс парламенттік сайлаудан кейін одан әрі нығая түсті, нәтижесінде биліктегі «Аманат» партиясы заң шығарушы органдағы көпшілік орынды сақтап қалды. Тәуелсіз бақылаушылар есепті кезеңде өткізілген сайлауларды еркін немесе әділ деп таныған жоқ.

Бұрынғы президент Назарбаев 1990 жылдан 2019 жылға дейін билікте болды. Назарбаев бастапқыда айтарлықтай ықпалын сақтап қалды, бірақ 2022 жылдың қаңтар айындағы наразылықтар мен толқулардан кейін оның ықпалы азайды. 2023 жылдың ақпан айында президент Тоқаев Назарбаев пен оның отбасы мүшелеріне көптеген артықшылықтар беретін заңдардың күшін жойды. Елдегі парламент және президент сайлаулары еркін әрі әділ өтпейді, негізгі саяси партиялар билікке адал болып табылады. Билік оппозиция өкілдерін жүйелі түрде маргиналдандырып отырады немесе түрмеге отырғызады. Ең ірі бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттің қолында немесе билікке жақын бизнесмендердің бақылауында. Сөз бостандығы мен жиналыстар өткізу бостандығы шектелген және сыбайлас жемқорлық кең тараған.

2022 жылдың 1 маусымы мен 2023 жылдың 31 мамыры аралығындағы негізгі оқиғалар.

  • Бүкіл есепті кезең барысында үкімет жергілікті наразылық акциялары кезінде интернетке қосылуды шектеді, бірақ 2022 жылдың қаңтар айындағы наразылықтар кезіндегідей бүкіл ел аумағында интернетті ажырату орын алған жоқ (A3 қараңыз).
  • Ресей соттары мен реттеуші органдары қазақстандық веб-сайттардан Украинаға жаппай басып кіруді объективті түрде жариялаған контентті алып тастауды талап етті; бұған жауап ретінде Қазақстан билігі бұл бұқаралық ақпарат құралдарының Ресей юрисдикциясына бағынбайтынын және Қазақстан заңдарын бұзбайтынын мәлімдеді (В2 қараңыз).
  • 2022 жылдың қараша айындағы кезектен тыс президент сайлауы және 2023 жылдың наурыз айындағы парламент сайлауы қарсаңында онлайн-журналисттерге шабуыл жасалды және жаңалық сайттары вандализмге ұшырады (C7 қараңыз).
  • Сайлау науқандары кезінде жаңалық сайттарына, үкіметтік интернет-ресурстарына және магистралды байланыс арналарына елеулі кибер-шабуылдар жасалды және шенеуніктер діңайтуынша, олар елден тыс жерден жасалған (С8 қараңыз).

A. Қол жеткізудегі кедергілер (0-25 ұпай)

А1: Инфрақұрылымдық кемшіліктер Интернетке қол жеткізуді немесе оның жылдамдығы мен сапасын қаншалықты шектейді? (0–6 ұпай): 5

Соңғы онжылдықта Қазақстанда интернетке қол жеткізу мүмкіндігі айтарлықтай арта түсті. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ЦДИАӨМ) ресми деректеріне сәйкес, үй шаруашылықтарының 96,2 пайызы интернетке, соның ішінде кең жолақты мобильді интернетке қол жеткізе алады.1 2022 жылы Халықаралық электрбайланыс одағы (ХЭО) елдегі интернетке кіру деңгейі 92,3 пайызды, тіркелген кең жолақты қо жеткізу деңгейі – 15,4 пайызды, ал мобильді кең жолақты қол жеткізу деңгейі 94,5 пайызды құрағанын хабарлады.2

Осылайша, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 2022 жылға қарай Интернетке кіру деңгейін 82,3%-ға жеткізу мақсатына қол жеткізді.3 Елдегі мобильді байланыс желілерінің ауқымы да кеңейе түсуде. Ресми деректерге сәйкес, 2023 жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша кең жолақты мобильді интернетке, соның ішінде төртінші буын желілеріне (4G) халықтың 94%-ы қол жеткізе алады4. Есепті кезеңде мобильді байланыс операторларының бірқатары сынамалы режимде бесінші буын байланысы (5G) қызметін іске қосты. 2022 жылдың маусым айында ЦДИАӨМ 5G желісінің Алматы, Астана және Шымкент қалаларында 2022 жылдың соңына дейін, ал басқа облыс орталықтарында 2023-2025 жылдары іске қосылатынын хабарлады.5 2023 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша операторлар 5G қызметін толық ұсынбады.

Ookla компаниясының 2023 жылғы мамыр айындағы деректеріне сәйкес, Қазақстанда тіркелген кең жолақты байланыс кезінде орташа жүктелу жылдамдығы секундына 39,6 мегабит (Мбит/с), ал мобильді кең жолақты қол жеткізу кезінде орташа жүктеу жылдамдығы – секундына 22,1 Мбит құрады.6

Қазақстандықтардың көпшілігі интернетке өздерінің мобильді құрылғыларынан үйде де, жұмыста да кіреді. Бірқатар қалаларда, соның ішінде. Алматы,7 Астана және Павлодар қалаларында8 жоғары жылдамдықты интернетке қоғамдық көліктерде, сондай-ақ қоғамдық орындарда қол жеткізуге болады.

А2: Интернетке қол жеткізу географиялық, әлеуметтік немесе өзге себептерге байланысты халықтың белгілі топтары үшін өте қымбат немесе қол жетімсіз болып табылады ма? (0–3 ұпай): 2

Соңғы кездері операторлар тарифтік жоспарлардың құнын өсіргеніне немесе олардың толықтырылуын қысқартқанына қарамастан, мобильді және тіркелген Интернет салыстырмалы түрде қолжетімді болып табылады.

Тіркелген интернеттің және әсіресе мобильді интернеттің тарифтік жоспарлары есепті кезеңде қымбаттай түсті. Байланыс операторлары бірқатар тартымды тарифтік жоспарлардың қолданылуын тоқтатты немесе абоненттік төлеммен қамтылған деректер көлемін азайтты немесе тарифтер құнын шамамен 20 пайызға қымбаттатты. 2023 жылдың ақпан айында Қазақстанның монополияға қарсы комитеті «тарифтік жоспарлар бағасының негізсіз өсуін» және бағаны өсіру үшін тұтынушыларға қажет емес жаңа қызметтердің қосылуын сынға алды.9 Дегенмен, барлық операторлар «қолжетімді» тарифтік жоспарлар тізбегін ұсынады.

ХЭО-ның 2022 жылғы деректеріне сәйкес, 2 гигабайт (ГБ) мобильді деректер халықтың жан басына шаққанда жалпы ұлттық табыстың (ЖҰТ) 0,83 пайызын, ал тіркелген кең жолақты байланыстың 5 ГБ көлеміндегі тарифтік жоспары халықтың жан басына шаққанда ЖҰТ-ның 0,62 пайызын құрайды.10

2022 жылғы наурыз айындағы ұлттық валютаның күрт құнсыздануына және одан кейінгі бағаның көтерілуіне байланысты, басқа тұтынушылық шығындарға қатысты интернет қызметтерінің қолжетімділігі төмендей түсті.11

2022 жылғы жағдай бойынша халықтың 40%-ға жуығы тұратын ауылдық жерлерде Интернетке қол жеткізу мүмкіндігі төмен.12 «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекет 5G тіркелген сымсыз қол жеткізу технологиясының (FWA) көмегімен қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты жоюға міндеттенді.13 Ауылдық жерлерде қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мобильді байланыс операторларының ортақ желілік инфрақұрылымыбарпайдаланады,14 бірақ жергілікті биліктегілер интернет қосылыстарының сапасына қатысты алаңдаушылығын білдіруде.15

Қазақстандағы интернетке қол жеткізу мүмкіндігі этникалық топтар арасында салыстырмалы түрде біркелкі бөлінген.

Қазақстанда Интернетке қол жеткізуде айқын гендерлік айырмашылық жоқ.16

А3: Биліктегілер қол жеткізу мүмкіндігін шектеу үшін интернет инфрақұрылымына техникалық немесе құқықтық бақылау жасайды ма? (0–6 ұпай): 3

Ұпайдың өзгеруі: Баға 1-ден 3-ке дейін көтерілді, өйткені биліктегілер 2022 жылдың қаңтар айындағы оқиғамен салыстырғанда, наразылықтар кезінде бүкіл ел аумағында интернетті өшірген жоқ.

Есепті кезеңде үкімет наразылықтар мен митингтер кезінде интернетке қол жеткізу мүмкіндігін аз уақытқа және шағын көлемде шектеді.

Осылайша, жергілікті деңгейде интернетке қол жеткізу мүмкіндігін шектеу 2022 жылдың желтоқсан айында елдің Тәуелсіздік күніне арналған, Алматыдағы рұқсат етілмеген митингтер кезінде, сондай-ақ 2023 жылдың 5 қаңтар айында Қаңтар оқиғасының жылдығы кезінде17 және 2023 жылдың сәуір айында Алматыдағы18 және Жаңаөзендегі19 наразылық акциялары кезінде орын алды. Бұрын биліктегілер наразылық акциялары мен митингтер кезінде осындай ажыратуларды жүзеге асыратын еді, бірақ бұл әдетте ұзаққа созылмайтын және шектеулі аумаққа ғана қолданылатын.20

2022 жылдың қаңтар айында алдыңғы есепті кезең аясында үкімет газ бағасының көтерілуіне байланысты туындаған және Алматыда билік пен қарулы топтардың зорлық-зомбылық толқынын тудырған наразылықтарға жауап ретінде бүкіл ел бойынша интернетке қол жеткізу мүмкіндігін ажыратты. Интернет қызметтері Батыс Қазақстанда 2022 жылдың 2 қаңтарынан бастап шектелді, ал төтенше жағдай жарияланған 4 қаңтардан бастап республиканың бүкіл аумағында интернет өшірілді.21 Қол жеткізу мүмкіндігі 11 қаңтарға дейін толығымен қалпына келтірілген жоқ. Кейбір пайдаланушылар интернетке прокси-серверлер арқылы қол жеткізе алды (С4 қараңыз).22

Үкімет өз әрекетін болжалды лаңкестік актілерінің алдын алу қажеттілігімен түсіндірді. KCell және Beeline мобильді байланыс операторлары «құзырлы органдардың» лаңкестікке қарсы әрекет аясында байланыс қызметтерін тоқтатқанын хабарлады.23 Кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғанындай, биліктегілер интернет-ресурстарды мақсатты түрде сүзгілеу үшін трафикті терең сүзу (Deep Packet 24Inspection , DPI) бойынша ресейлік технологияны қолдануға тырысқан, алайда бұл әрекеті сәтсіз болғандықтан интернетті толығымен бұғаттау туралы шешім қабылдаған.

2022 жылдың қараша айында ЦДИАӨМ өмірлік маңызды мемлекеттік және жеке мекемелер кіретін, төтенше жағдайлар кезінде үздіксіз қол жеткізу мүмкіндігі бар интернет-ресурстардың тізілімін құру туралы жариялады.25

Үкіметке телекоммуникация желілерін өз қарауы бойынша тоқтатуға мүмкіндік беретін құқықтық механизмдер бар. 2018 жылғы қаулыға сәйкес Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) телекоммуникация желілеріне басымдықпен қол жеткізу мүмкіндігін, сондай-ақ төтенше жағдайларда немесе төтенше жағдай қауіпі-болған кезде осы желілердің жұмысын тоқтата тұру құқығын иемденеді. Құжатта желілердің жұмысын тоқтата тұрудың шекті мерзімдері көрсетілмеген.

ҰҚК 2017 жылдан бері жедел-тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде немесе «қылмыстың алдын алу» үшін контент пен интернетке қол жеткізу мүмкіндігін бұғаттау мақсатында телекоммуникация желілері мен трафик алмасу нүктелерінің (ІХП ) жұмыс жасауын орталықтандырған Мемлекеттік техникалық қызметке (МТҚ) бақылау жасайды.26 2020 жылдың қазан айында биліктегілер МТҚ-ны 100% мемлекетің қатысуымен акционерлік қоғам ретінде қайта құрды,27 ол әлі де контентті цензуралауға және қол жеткізу мүмкіндігін шектеуге құқылы болып табылады.28 ҰҚК сот шешімінсіз әрекет ете алады, бірақ 24 сағат ішінде бұл туралы басқа мемлекеттік органдарға хабарлауға міндетті.29 2016 жылғы заңға сәйкес, ҰҚК «ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасауға әкеп соғуы мүмкін шұғыл жағдайларда» «желілер мен байланыстардың» жұмысын тоқтатуға құқылы.

2012 жылғы Ұлттық қауіпсіздік туралы заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, биліктегілер лаңкестікке қарсы операциялар мен тәртіпсіздіктердің жолын кесу кезінде байланыс қызметтерін бұғаттау мүмкіндігі берілді.30 2014 жылдан бастап ҚР Бас прокуратурасы заңсыз ақпаратты тарату және экстремизмге, лаңкестікке, жаппай тәртіпсіздіктерге немесе рұқсат етілмеген бұқаралық жиындарға қатысуға шақыруды қоса алғанда «желiлердi жеке адамның, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне зиян келтiруге бағытталған қылмыстық мақсатта пайдалану” жағдайында соттың шешімінсіз байланыс қызметтерін ажырату туралы ұйғарым шығаруға өкілетті болып табылады.31 Телекоммуникациялық компаниялар немесе МТҚ ұйғарымды үш сағаттың ішінде орындауы тиіс.

Биліктегілер интернет инфрақұрылымын орталықтандырды, бұл – контентті бақылауды және аңдуды жеңілдетеді. Мемлекет бақылайтын «Қазақтелеком» компаниясының өзі және бірқатар еншілес фирмалары арқылы магистралды байланыс арналарында нақты монополияға ие. Мемлекет МТҚ арқылы пиринг орталықтары мен сыртқы шлюздерге бақылау жасауды жүзеге асырады.32 2017 жылғы түзетулер «ақпараттық қауіпсіздік» мақсатында трансшекаралық трафик алмасу нүктелеріне мемлекеттік монополияны енгізді.33 2019 жылдың ақпан айында .kzұлттық доменін қолдауға жауапты KazNIC коммерциялық емес мекемесітәуелсіз IXP іске қосылғанын жариялады, бірақ ол халықаралық трафиктің емес, ішкі трафиктің ғана пирингін ұсынады34.

2022 жылдың қыркүйек айында «Қазақтелеком» компаниясы мен Әзірбайжанның «Azertelecom» телекоммуникациялық компаниясы «стратегиялық серіктестік туралы меморандумға» және Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық кабельдерді тарту бойынша ынтымақтастыққа қол қойды. Құжат «Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық телекоммуникация дәлізін» құруға бағытталған «Цифрлық Жібек жолы» жобасының бір бөлігі болып табылады.35

А4: Қызмет көрсетуші провайдерлер үшін нарықты шектейтін құқықтық, нормативтік немесе экономикалық кедергілер бар ма? (0–6 ұпай): 2

Биліктегілер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) нарығында ойыншылардың санын шектеу саясатын ұстанбағанымен, оны әртараптандыру бойынша белсенді шараларды қолға алып отырған жоқ. Сонымен қатар, 2019 жылы үкіметтің қолдауымен «Қазақтелекомның» екі ірі мобильді байланыс операторымен бірігуі үкіметке нарықтың едәуір бөлігін бақылауға мүмкіндік берді.36 «Қазақтелекомның» жалғыз басты бәсекелесі – шетелде тіркелген Кар-Тел («Билайн») компаниясы болып табылады.37

Қазақстанда бірнеше ірі интернет-провайдерлер бар, бірақ «Қазақтелеком» тіркелген байланыс нарығының 75%-ын және ұялы байланыс нарығының 78%-ын бақылай отырып, басым орынды иемденеді.38 Компания бірқатар басқа магистралды және төменгі интернет-провайдерлерін толығымен немесе ішінара иемденеді. 2023 жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арқылы «Қазақтелекомның» 71,3 пайызы мемлекетке тиесілі.39 Бұрынғы президент Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдыға40 тиесілі болған, Люксембургте тіркелген Skyline Investment Company компаниясы бұрын «Қазақтелекомдағы» акциялардың 24 пайызын иемденген.41 Сатыбалды 2022 жылдың сәуір айында42 өз акцияларын мемлекетке табыстады,43 өйткені ол «Қазақтелекомдағы» жымқырулар44 және «мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін өзге қылмыстар» бойынша тұтқынға алынды.45

2021 жылдың қазан айында «Қазақтелеком» Қазақстан қор биржасы арқылы Kcell мобильді операторының 24% акциясын сатты. Оларды KazTransCom провайдеріне иелік ететін Jusanbank сатып алды.46 2022 жылдың сәуір айында биліктегілер осы мәміле мен Transtelecom провайдерін жекешелендірудің «қоғамдық мүдделерге» нұқсан келтіру мүмкнідігі бойынша тергеу бастады. 2021 жылдың тамыз айында Transtelecom-ның 75%-ы бұрынғы президент Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиевке тиесілі болып табылатын Unit Telecom компаниясына сатылды.47 Сонымен қатар, 2023 жылдың шілде айында48 есепті кезеңнен тыс уақытта ЦДИАӨМ басшысы Бағдат Мусин нарықты монополиясыздандыру мақсатында «Қазақтелекомға» тиесілі Kcell немесе Tele 2 мобильді байланыс операторларының бірін жеке ойыншыларға сату ниеті туралы хабарлады. Мусин бұл жоспарды 2022 жылдың сәуір айында да айтты.49

2016 жылы мобильді байланыс операторларының барлығы 4G қызметтерін ұсына алды.50 2018 жылдың ортасынан бастап үкімет пен мобильді байланыс операторлары 5G енгізу жұмысымен айналысты; сынамалы аймақтар Алматы мен Астанада51, сондай-ақ Шымкентте жұмыс істейді.52

Заң бойынша телекоммуникация қызметтерін ұсынатын компаниялар ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің лицензиясын алуы тиіс.53 Ұлттық қауіпсіздік туралы заң байланыс қызметтерін ұсынатын компаниялардың шетелдік иелікте болуын шектейді.54 Сонымен қатар, компаниялар заңды түрде аңдуды жүргізу үшін пайдаланылатын мемлекеттік Жедел-іздестіру іс-шаралары жүйесімен (ЖІІЖ) байланысты құрал-жабдықты сатып алуға және орнатуға (С5 қараңыз), сондай-ақ пайдаланушылық деректерді сақтау бойынша шығындарды көтеруге міндетті (С6 қараңыз). Сондай-ақ компаниялар IMEI кодтарының – мобильді жабдықтың халықаралық сәйкестендіру кодтарының дерекқорын қолдаумен байланысты шығындарды көтеруге (С4 қараңыз)55 және IMEI кодтарының бірыңғай дерекқорының операторы болып табылатын Мемлекеттік радиожиілік қызметіне тұрақты алымдарды төлеуге міндетті. Бұл міндеттемелер Қазақстан нарығына жаңа ойыншылардың шығуына кедергі келтіруі мүмкін.

А5: Қызмет көрсетуші провайдерлер мен мен цифрлық технологияларды қадағалайтын реттеуші органдар еркін, әділ және тәуелсіз әрекет ете ала ма? (0–4 ұпай): 0

ЦДИАӨМ телекоммуникациялар (соның ішінде АКТ инфрақұрылымы), электронды үкімет және киберқауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган болып табылады, ал Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (АҚДМ) бұқаралық ақпарат құралдарын, соның ішінде онлайн-контентті қадағалайды. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін онлайн-контент те, телекоммуникация саласы да қазір таратылып кеткен Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің құзырында болды.56 Министрлер лауазымына кандидаттарды премьер-министр ұсынып, ел президенті тағайындайды. Министрліктердің қызметі ашық емес және тәуелсіз бақыланбайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті АКТ инфрақұрылымы мен онлайн-контент саласындағы өкілеттігін кеңейтті. 2018 жылы ҰҚК жанынан Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы құрылды.57 Оның жұмысы жария болып табылмайды.58

.kz ұлттық доменін коммерциялық емес болып табылатын KazNIC мекемесі басқарады. Қазақстанның IT- компаниялар қауымдастығы домендік атауларға әкімшілік етеді және KazNIC тарифтерін реттейді. 2015 жылы қабылданған заңға сәйкес, үкімет домендік атаулардың тіркеу бөлімін де, әкімшісін де тағайындауға құқылы.59

B. Контентті шектеу (0-35 ұпай)

В1: Үкімет онлайн-контентті, әсіресе халықаралық адам құқықтары стандарттарымен қорғалған материалдарды бұғаттаумен айналысады ма немесе оларды сүзгілеуден өткізуге қызмет көрсетуші провайдерлерді мәжбүрлейді ме? (0–6 ұпай): 2

Биліктегілер онлайн-контентті бұғаттау бойынша кең өкілеттіктерді иемденеді және интернет-провайдерлерді «заңсыз материалдарға» қол жеткізу мүмкіндігін шектеуге мәжбүрлей алады. Егер интернет-провайдерлер контентті дер кезінде бұғаттамаса, МТҚ тікелей кіруді шектей алады, ал провайдерлерге айыппұл салынуы мүмкін.

Ресми сауалға жауап ретінде АҚДМ 2022 жылы реттеуші органның 774 сұрауы негізінде 14 469 парақша бұғатталғанын, оның 241-і .kz домендік аймағында тіркелгенін жеткізді. 2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында тағы 6 175 парақшаға кіруге шектеу қойылды, соның ішінде 6 047-сі шетелде тіркелген. Бұғаттаудың негізгі себебі – қасақана жалған ақпарат тарату, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау үшін интернетті пайдалану, терроризм мен экстремизмді насихаттау, авторлық құқықты бұзу, сондай-ақ порнографиямен, суицидпен, есірткімен және құмар ойындармен байланысты контентті орналастыру болды. АҚДМ мәліметтері бойынша, 2023 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша тыйым салынған веб-парақшалар саны 68 000-нан асты.60

2022 жылдың қазан және қараша айларында, мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу кезеңінде пайдаланушылар BBC, бірқатар ресейлік БАҚ61 және «Азаттық» сайттарына, «Азаттық радиосының» қазақ редакциясы62сайттарына кіруде қиындықтар туындағанын хабарлады. Сондай-ақ пайдаланушылар 2022 жылдың қазан айында YouTube веб-сайты мен қолданбасына қол жеткізумен байланысты қиындықтарға тап болған.63

2022 жылдың қазан айында Талғар аудандық соты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) веб-сайтындағы мақалалардың бірін «суицидті насихаттау» деп танып, бұл сайтты бұғаттауға АҚДМ-ды міндеттеу туралы прокурордың өтінішін қанағаттандырды.64 Кейінірек сот ДДСҰ веб-сайтындағы бір парақшаны бұғаттау туралы шешім қабылдады, бірақ билікттегілер қорғалған HTTPS хаттамасы арқылын пайдаланатын ресурстардағы жеке парақшаларды шектеу бойынша техникалық мүмкіндікті иемденбейді, сондықтан сайт толығымен бұғатталды.65 АҚДМ соттың шешімін орындады, бірақ кейіннен «беделдік және басқа да қауіптерге» сілтеме жасай отырып Денсаулық сақтау министрлігімен бірге шешімді қайта қарауды сұрады. 2023 жылдың қаңтар айында ұйым мақалаға өзгерістер енгізгеннен кейін ДДСҰ веб-сайты бұғаттан шығарылды.66

Биліктегілер 2022 жылдың қаңтар айында наразылықтар мен толқулар барысында интернетті толығымен ажыратудың алдында бірқатар тәуелсіз жаңалық сайттарын, соның ішінде Orda.kz сайтын бұғаттады67; бұл ресурстар Интернетке кіру ішінара қалпына келтірілгеннен кейін де біраз уақыт бұғатталған күйінде қалды (A3 қараңыз). 2022 жылдың қаңтар айының соңында Facebook желісіндегі жазбалары үшін төтенше жағдай кезінде арандатушылық әрекет жасады деген айыппен «Көкшетау Азия» сайтының бас редакторы Нұржан Баймулдин ұсталғаннан кейін ол сайт бірнеше күнге бұғатталды (С3 қараңыз).68

2021 жылдың қазан айында HOLA News веб-сайтының редакциясы бұрынғы президент Назарбаевтың жақын адамдарын қамтитын «Пандора құжаттары» туралы материалдарды алып тастаудан бас тартқаннан кейін 10 күнге бұғатталды (В2 қараңыз).69

Archive.org , сондай-ақ Change.org петициялар сайты және кейбір шетелдік БАҚ, соның ішінде. Қырғызстанның Kloop жаңалықтар сайты мен орыс тілді Fergana және Meduza сайттары Қазақстаннан қолжетімсіз болып қалды.

Цензураны айналып өткісі келетін пайдаланушылар виртуалды жеке желілерді (VPN) пайдаланады, бірақ анонимдеу құралдарының көпшілігі бұғатталған (C4 қараңыз).70 Биліктегілер сот шешімдері мен АҚДМ ұйғарымдары негізінде VPN желілерін бұғаттайды (В3 қараңыз).71 2023 жылдың наурыз айында Белизде орналасқан HIDEMY.NAME VPN-қызметі 150-ге жуық басқа VPN-мен бірге 2020 жылы өзіне жасалған бұғаттауға қатысты сотқа шағымданатынын мәлімдеді.72

В2: Мемлекеттік/мемлекеттік емес субъектілер контентті, әсіресе адам құқығының халықаралық стандарттарымен қорғалған материалдарды алып тастауға хостинг-провайдерлер мен цифрлық платформаларды мәжбүрлеу үшін құқықтық, әкімшілік немесе басқа құралдарды пайдаланады ма? (0–4 ұпай ): 1

Биліктегілер контентті алып тастауға мәжбүрлеу үшін әртүрлі техникалық емес әдістерді пайдаланады, соның ішінде заңнама нормалары арқылы бұқаралық ақпарат құралдарына тікелей қысым жасауды және әлеуметтік желілердің халықаралық платформаларына сауалдар жіберуді қоса алғанда. Есепті кезеңде Ресейдің билік органдарынан контентті жою туралы сауалдардың артуы орын алды.

АҚДМ деректеріне сәйкес, 2022 жылы және 2023 жылдың бес айында реттеуші орган контентті жою туралы 4 116 ұйғарым жіберген, соның ішінде қазақстандық веб-сайттарға 134 сауал жіберген. Онда 93 014 парақшаны алып тастау талабы болса, оның 692-сі қазақстандық сайттарда жарияланған.73 29 543 парақша жойылды. Биліктегілер толығырақ статистикалық мәліметі бермеді.

Есепті кезеңде Қазақстанның ақпараттық сайттары Ресей соттары мен бақылаушы органдарынан алып тастау туралы бірнеше ұйғарым алды. 2022 жылдың қараша айында Arbat.media интернет-ресурсы Ресейдің реттеуші органынан Харьков түбіндегі Ресей армиясының жеңілгені туралы мақаланы сайттан алып тастау туралы талап алды, ал 2023 жылдың ақпан айында редакция «әскердің беделін түсіру» ісі бойынша Ресей сотына шақыру қағазын алды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі елдің Ресей соттары хұкіметіне бағынбайтынын және Arbat.media республиканың ешбір заңнамасын бұзбағанын мәлімдеді.74

2022 жылдың желтоқсан айында телекоммуникация және БАҚ саласындағы реттеуші болып табылатын Роскомнадзор Vlast.kz сайтынан Ресейдің Украинаға басып кіруі туралы бірнеше мақаланы, соның ішінде Мариупольдегі бейбіт тұрғындарды өлтіру туралы мақалаларды алып тастауын талап етті, бірақ сайт бұл өтінішті қабылдамай тастады.75 Informburo.kz сайты да желтоқсан айында Украинадағы соғыс туралы материалдарды алып тастау туралы талап алған. Сайт редакторлары Роскомнадзордан 2020 жылдан бері сауалдар келіп жатқанын хабарлады. Сайт Қазақстандағы емес, Ресейдегі пайдаланушылар үшін контентті шектеу туралы шешім қабылдады.76

2022 жылдың тамызында Ratel.kz Роскомнадзордан Ресей азаматтарының Украинаға қарсы соғысты қашанға дейін қолдайтыны талқыланған мақаланы алып тастау туралы ұйғарым алды. Басылым материалды алып тастаудан бас тартты.77

2022 жылдың сәуір айында Роскомнадзор NewTimes.kz сайтынан Ресейге қарсы санкциялар туралы мақаланы алып тастауын талап етті және бұл талаптан бас тартылған жағдайда Ресей аумағында бұл сайтты бұғаттаймыз деп қорқытты. Сауал хостинг компаниясына жіберілді және редакция оны орындауға шешім қабылдады.78

2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде кем дегенде екі ірі ақпараттық сайт – ҚазТАГ79 және «Ферғана»80 АҚДМ-дан наразылық акцияларына қатысты материалдарды алып тастау туралы сауалдар алды және бұдан бас тартқаннан кейін олар бұғатталды (В1 қараңыз). Сол жылдың қаңтар айында Orda.kz тілшісін Алматыдағы Республика алаңында түсірілген суреттерді алып тастауға мәжбүр етті.81

Meta компаниясының 2022 жылға арналған ашықтық туралы есебіне сәйкес, компания Қазақстан үкіметінің сауалдары негізінде контентті шектемеген82. 2022 жылдың шілде және желтоқсан айлары аралығында Google Қазақстанның мемлекеттік органдары мен соттарынан 738 парақшаны жою туралы 61 сауал алған. Компания парақшалардың 8,3 пайызын компанияның саясатын бұзғаны үшін, ал тағы 0,9 пайызын – заңды талаптар негізінде алып тастады. Сауалдар негізінен ұлттық қауіпсіздік, алаяқтық, жала жабу, сондай-ақ акцизделетін тауарлар мен қызметтер мәселелеріне қатысты болды.83 Twitter есепті кезеңдегі контентті алып тастау туралы ақпарат бермеді.

2016 жылҰлттық ы ақпараттық кеңістікке мониторинг жасаудың автоматтандырылған ұлттық жүйесінің көмегімен онлайн тәртіптемесінде құқыққа қайшы контентті анықтау үшін БАҚ және әлеуметтік медиа жарияланымдарын қадағалаудың жаңа ережелері қабылданды84 (С5 қараңыз), бірақ биліктегілер мұндай мониторингті қол тәртіптемесімен жүргізуді жалғастырды.85 Ресми сауалға берілген үкіметтің жауабына сәйкес, құны 4,5 миллион АҚШ долларын құрайтын жүйе86 2020 жылы жұмыс істей бастады.

В3: Интернетке және цифрлық контентке қатысты шектеулер ашықтық және мәлімделген мақсаттарына шамаластық қағидаттарына қаншалықты сәйкес келеді? Мұндай шектеулер үшін шағымданудың тәуелсіз үдерісі қарастырылған ба? (0–4 ұпай ): 1

Соттан тыс бұғаттау тәжірибесі күнделікті қолданылады, ал сайттарға кіруді шектеу және контентті алып тастау рәсімдері ашық емес. Соңғы жылдары биліктегілер контентті алып тастауды және сайттарды бұғаттауды талап ету мүмкіндігін арттыра түскен бірқатар заңдарды қабылдады.

БАҚ туралы заңға сәйкес87 барлық интернет-ресурстар, соның ішінде сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар БАҚ болып есептеледі. 2014 жылғы түзетулерге сәйкес, Бас прокуратура провайдерлерден соттың шешімінсіз онлайн-контентті бұғаттауды талап етуге құқылы. Веб-сайт иесі тиісті материалды алып тастағанға дейін провайдерлер мұндай талаптарды орындауға міндетті. Заңға сәйкес, провайдерге талапты қабылдамау мүмкіндігі, ал веб-сайт иесіне – талаппен даулауға мүмкіндік бермілейді.88 Ақпарат және коммуникациялар министрлігі алып тастау және уақытша бұғаттау туралы ұйғарымдар шығаруға құқылы. ҰҚК «ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға әкеп соқтыруы мүмкін шұғыл жағдайларда» веб-сайттарға немесе материалдарға кіруді уақытша тоқтата алады және бұл туралы тек Бас прокуратура мен реттеуші органға хабарлауы тиіс.

Интернет-ресурстардың барлығын бұқаралық ақпарат құралдарына теңестіре отырып, БАҚ туралы заң веб-баспашыларды, соның ішінде блогерлер мен әлеуметтік желі пайдаланушыларын өздері жариялаған материалдар үшін жауапты етеді, бірақ үшінші тұлғалар жариялаған контент үшін олардың жауаптылығы көрсетілмеген. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар өз парақшаларында жариялаған үшінші тұлғалардың экстремистік пікірлері үшін жауапқа тартылуы мүмкін, өйткені Бұқаралық ақпарат құралдарында мұндай контентті жариялауға рұқсат беру – 90 тәулікке дейін бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады.

БАҚ туралы жаңа заң жобасымен жұмыс жасау 2022 жылы басталды. Үкімет журналисттер мен үкіметтік емес ұйымдарды қамтитын жұмыс тобын құрды, бірақ 2023 жылдың ақпан айында ведомствоаралық комиссия жариялаған жоба жұмыс тобының ұсыныстарын қамтымады және кәсіби медиа-қоғамдастықтың сынына ұшырады. Онда бұрынғыша онлайн-басылымдар бұқаралық ақпарат құралдарына жатқызылған, сондай-ақ жұмыс тобы бір жылға дейін шектеуді ұсынғанымен, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғауға қатысты ескіру мерзімін шектеу қарастырылмаған. Заң жобасы сондай-ақ «ерекше жағдайларда» цензура енгізеді. Бақылаушылардың пікірінше, мұндай айқын емес анықтама ерікті түрде қолданылуы мүмкін.89 Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша заң жобасы парламентте қаралып жатқан болатын.

2022 жылдың мамыр айында «Кибербуллинг туралы заң» немесе «Балалардың құқығын қорғау туралы заң» деп те аталатын Баланың құқығын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң күшіне енді. Түзетулер веб-сайттардан, мессенджерлерден және әлеуметтік желілердің платформаларынан кибербуллингпен байланысты заңсыз контентті 24 сағат ішінде алып тастауды талап етеді, сондай-ақ үкіметке мұндай талаптарды орындаудан бас тартқан платформалардың «қызметін шектеуге» құқық береді.90 Күнделікті 100 000-нан астам пайдаланушысы бар платформалар 24 сағат ішінде контентті алып тастаутуралы сауалдарға жедел жауап қату мақсатында АҚДМ-мен тікелей байланысу үшін арнайы өкілді тағайындауы тиіс.91

2022 жылдың шілде айында Үкімет қаулысына «Кибербуллинг туралы заңның» орындалуын қамтамасыз ету бойынша АҚДМ-ның өкілеттіктерін кеңейтетін түзетулер қабылданды. Осылайша, АҚДМ платформалардан Қазақстандағы мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің күнделікті пайдаланушылары санын сұрауға, сондай-ақ талаптарды орындамаған жағдайда мұндай интернет-ресурстардың жұмысын шектеуге уәкілетті болып табылады.92

2020 жылдың қыркүйек айында енгізілген түзетулерге сәйкес, егер де ресурстары физикалық түрде елден тыс жерде орналасқан болса, қауіпсіздік сертификаты болмаса (А3 және С6 бөлімдерін қараңыз) немесе бағдарламалық жасақтамасы Қазақстаннан тыс жерде орналасқан болса, .kz және .ҚАЗ домендік аймақтарындағы веб-сайттардың жұмысы тоқтатылуы мүмкін.93 2020 жылдың желтоқсан айында реттеуші органның мәлімдеунше, бұл түзетулер деректерді орындаудың ұлттық орталықтарына түсетін «жүктемені басқару» және «цифрлық егемендікті» қамтамасыз ету үшін қажет.94

2016 жылғы Байланыс туралы заңға енгізілген түзетулер интернет-провайдерлерден олардың желілері арқылы өтетін контентті бақылауды міндеттеді және оларға мұндай контентті бұғаттау туралы шешім қабылдауға жауакершілігін жүктеді,95 бірақ олардың бұл талапты нақты қалай орындау керектігі онда көрсетілмеген. 2016 жылдан бері қолданылып келе жатқан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте бұғаттау туралы ұйғарымдарды орындамағаны үшін интернет-провайдерлерге айыппұлдар салу қарастырылған.96

Сайттың немесе парақшаның біржола бұғатталуына жол бермеу және заңды жауапкершіліктен құтылу мақсатында интернет-ресурстардың иелері экстремистік деп танылған немесе өзге жолмен заңнамаға қайшы келетін контентті жоюға міндетті. Заңсыз контентті анықтағаннан кейін интернет-провайдерлер мен МТҚ веб-сайтқа кіруді 3 сағат ішінде тоқтата тұруға міндетті. Одан кейін контентке жауапты тарап оны алып тастау туралы сауал алады; егер талап орындалса, провайдерлер мен МТҚ веб-сайтты бұғаттаудан шығаруы тиіс.97

Жауапкердің өкілі болмаған жағдайда сайттар соттың шешімімен бұғатталуы мүмкін. Заңда бұқараға немесе веб-сайттың иесіне бұғаттаудың себебі туралы ақпаратты беру талап етілмейді. Соттар көбінесе діни экстремизм айыптары бойынша бірден ондаған сайтты бұғаттау туралы шешім шығарады. Шағымдану тәртібі түсініксіз. Тіпті бұғаттау туралы соттың шешімімен танысу үшін сот арқылы өтінішхат беру керек.98

2017 жылы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тыйым салынған веб-сайттар тізілімінің сынамалы нұсқасын іске қосты, бұл – пайдаланушыларға веб-сайттың бұғатталғанын тексеруге мүмкіндік береді. Бұғатталған ресурстардың көбісі тізілімде көрсетілмеген.99

В4: Онлайн-журналисттер, түсініктемшілер және қарапайым пайдаланушылар өзіне-өзі цензура жасаумен айналысады ма? (0–4 ұпай ): 1

Қолданыстағы заңнамада өте түсініксіз тұжырымдамалар болғандықтан, өзіне-өзі цензура жасау БАҚ-та, соның ішінде тәуелсіз онлайн-басылымдарда кеңінен тараған. 2019 жылы бұрынғы президент Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін көптеген пайдаланушылар онлайн-пікірталастарда айтарлықтай сыншы болды, дегенмен көпшілігі әлі де тыйым салынған тақырыптарға жоламайды. Онлайн-басылымдардың журналисттері сот арқылы қудалау мен физикалық зорлық-зомбылыққа қарамастан, рұқсат етіле қоймаған материалдарды жариялайды (С3 және С7 қараңыз).

2023 жылдың мамыр айында шыққан, Қазақстандағы өзіне-өзі цензура жасауға қатысты зерттеуде журналисттер мемлекеттің репрессиялық саясаты, БАҚ қожайындарының бақылауы және олигархтарды сынаудың салдарларынан қорқу секілді бірқатар себептерге байланысты өзіне-өзі цензура жасайтыны айтылған.100

2022 жылдың қаңтар айындағы наразылықтар мен одан кейін орын алған репрессия сыншыларды сот арқылы және соттан тыс қудалау толқынын, сондай-ақ контентті алып тастау туралы бұйрықтар толқынын тудырды (В2 және С3 қараңыз). 2022 жылдың наурыз айында Бас прокуратура қазақстандықтарды интернетте Ресей-Украина қақтығыстын талқылау кезінде арандатушылық немесе қасақана жалған ақпарат таратудан және араздықты қоздырудан аулақ болуға шақырды.101

2017 жылдан бастап анонимді онлайн-пікірлерге заңмен тыйым салынды (С4 қараңыз).102 Бұл тыйым айтарлықтай сақталмағанымен, ол осы талапты сақтайтын танымал жаңалық сайттарында сөз бостандығын шектейді.

В5: Үкімет немесе басқа да ықпалды субъектілер белгілі мүдделерді ілгері жылжыту үшін интернеттегі ақпарат көздерін басқаруды немесе олармен айла-шарғы жасауды жүзеге асырады ма? (0–4 ұпай ) : 1

Хабар таратушы және баспа БАҚ-пен салыстырғанда, Қазақстандағы онлайн-медиа саласы журналистика мен өзін-өзі таныту үшін барынша еркін кеңістік болып қалуда. Әлеуметтік желілер жаңалықтар мен пікірлерді жария алмасудың аса еркін платформасы болып қалғанымен, өзгелерімен қатар биліктегілерден төлем алатын пікір қалдырушылар тарапынан-дискурс манипуляцияға ұшырауға бейім.103 Мамандардың пікірінше, олар дағдарыс кезінде интернет пайдаланушыларының назарын басқа нәрсеге аудару үшін және үкіметтің жетістіктерін жарнамалау үшін пайдаланылады. Боттар 2022 жылдың қараша айындағы сайлау науқаны кезінде президент Тоқаевты қолдайтын жазбаларды жариялау үшін пайдаланылды.104

2022 жылдың маусым айында интернетте төрт қазақстандық жаңалықтар сайтының көшірмелері пайда болды, олардың барлығында Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас туралы Кремль саясатын қолдауға бағытталған мақала жарияланды. Қайталанатын сайттардың адрестері түпнұсқа интернет-ресурстардың адрестеріне ұқса болды, олардың бір әрпінде ғана ерекшелік болды. Хостинг компаниясы бұл сайттарға қызмет көрсетуді тоқтатты, содан кейін оларға қол жеткізу мүмкіндігі жоғалды.105

2022 жылдың ақпан айында Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін көп ұзамай редактор Bugin Media редакторы Мәрғұлан Ақан әлдебір шенеуніктің одан Facebook-те Кремль қолдап отырған Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) қолдайтын жазба жазуды өтінгенін хабарлады. Ол мұндай ұсыныстан бас тартқан, бірақ көп ұзамай бірқатар мемлекеттік қызметкерлер мен әлеуметтік желі пайдаланушыларының осындай мәтіндерді өз парақшаларында жариялай бастағанын байқаған. Бұған дейін мемлекеттік БАҚ-та жұмыс істеген журналист Бэлла Орынбетованың айтуынша, үкіметпен байланысы бар жеке және заңды тұлғалар ресми саясатты қолдайтын посттар үшін инфлюенсерлерге 50 000 теңге (104 доллар) төлейді екен.106

2022 жылдың қаңтар айындағы наразылықтар мен одан кейінгі зорлық-зомбылық толқыны кезінде ақпараттың күрт тапшылы5ы және шенеуніктердің тексерілмеген ақпаратты тарату жағдайлары байқалды. Мысалы, президент Тоқаев сол күндері Қазақстанға 20 мың лаңкестің шабуыл жасағанын негізсіз жариялады. Кейіннен президент әкімшілігіне жақын сарапшы оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылары арасындағы қастандық жасаушылардың президентке қасақана жалған ақпарат беруі деп түсіндірді.107 Кейін бұл нұсқаны Тоқаевтың өзі растады.108 Сондай-ақ мессенджерлер арқылы да жалған ақпарат тарады. Биліктегілер «Интернетте «өтірік пен өсек» таратушыларды жазалауға» уәде берді.109

Facebook 2020 жылдың желтоқсан айында Facebook-те және Instagram-да ҰҚК мен Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы күрес департаментімен байланысы бар 59-дан астам аккаунттан тұратын желіні анықтады. Олар 2019 және 2020 жылдардағы саяси наразылықтар кезінде белсенді болды, алайда Facebook мұндай есептік жазбаларды платформадан алып тастаған кезде олар көбінесе әрекет ете алмады.110

Шенеуніктер, мемлекеттік қызметшілер және ұлттық компаниялардың қызметкерлері интернетті пайдалану кезінде бірқатар ережелерді сақтауға, атап айтқанда, үкіметті сынайтын материалдарды орналастырмауға немесе бөліспеуге, сондай-ақ мемлекеттің имиджін сақтау және жалған ақпараттың таралуы мен жылыстауына жол бермеу мақсатында мұндай материалдардың авторларын «достар» тізіміне қоспауға міндетті.111

В6: Пайдаланушылардың интерентте контент жариялау мүмкіндігіне кері әсер ететін экономикалық, нормативтік немесе басқа шектеулер бар ма? (0–3 ұпай ): 1

Ірі үкіметтік емес жаңалық сайттарының басым көпшілігі үкіметпен тығыз байланысы бар бизнесмендермен немесе шенеуніктермен байланысты. Бұл басылымдар жиі жағдайларда өзінде «жағымды» материалдарды жариялау үшін мемлекеттік ақпараттық тапсырыс алады. Интернеттегі көптеген-БАҚ құралдарына, соның ішінде жергілікті блог-платформаларға осындай келісімшарттар ұсынылады.112 Vibrant Information Barometer (VIBE) деректеріне, 2022 жылға арналған IREX есебіне сәйкес, мемлекеттік қаржыландыру алатын көптеген басылымдар қосымша табыс көзін жоғалтпау үшін биліктегілерді сынаудан қашқақтайды және мемлекеттік тапсырысты алу туралы ақпаратты жария етпеуді жөн көреді.113

Сорос Қазақстан қорының қолдауымен жүргізілген зерттеуге сәйкес, 2016-2020 жылдар аралығында үкімет БАҚ саласындағы мемлекеттік тапсырыстарға жыл сайын 41,7 миллиард теңгеден 47,1 миллиард теңгеге дейін (94,6 миллион АҚШ долларынан 106,9 миллион АҚШ долларына дейін) жұмсаған.114 «Құқықтық медиа орталығы» Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен БАҚ-пен жасалған барлық келісімшарттар туралы деректерді жария етуін сот арқылы талап етті, бірақ 2018 жылдың қаңтар айында «коммерциялық құпия» деген желеумен талапты қанағаттандырудан бас тартылды. 2020 жылдың қазан айында АҚДМ осындай сауалға жауап бере отырып, оған тағы да сілтеме жасады.115 БАҚ саласындағы мемлекеттік тапсырыстардың көлемі бірнеше жыл қатарынан жарнама нарығының жалпы көлемінен асып түсуде.116 Биліктегілер мемлекеттік тапсырыс туралы мәліметтерді жұртшылықтан жасырғанымен, үкіметтік емес ұйымдар оның жалпы сомасы жылына 100 миллиард теңгеге (226,9 миллион АҚШ доллары) жетуі мүмкін деп отыр.117 2023 жылдың ақпан айында ұсынылған БАҚ туралы жаңа заң жобасы (В3 қараңыз) бұл келісімшарттардың ашық болуын қарастырмайды.118

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жобасы сондай-ақ басылымдардан, соның ішінде интернеттегі БАҚ-тан «ерекше жағдайларда» үкіметтің нұсқауларын орындауды талап етеді. Мұндай айқын емес терминді еркін түрде, соның ішінде дағдарыстық жағдай кезінде қолдануға болады. Сонымен қатар, қолданыстағы БАҚ туралы заңдағыдай, заң жобасында барлық интернет-ресурстар бұқаралық ақпарат құралдарына жатқызылады (В3 қараңыз).119

2023 жылдың шілде айында, есепті кезеңнен тыс уақытта президент Тоқаев «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заңға қол қойды (С2 қараңыз), оған сәйкес өз контентін монетизациялайтын әлеуметтік желі пайдаланушылары, соның ішінде инфлюенсерлер табыстың 3 пайызына-10 пайызы көлемінде салық төлеуге міндетті.120

Онлайн-БАҚ Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті емес. Жарнама берушілерді тартуда елеулі шектеулер жоқ, бірақ тәуелсіз ресурстардың мерзімділікпен бұғатталуы бизнесті оларға жарнама орналастырудан тыйып отыр. Қазақстандағы цифрлық медиа нарығы айтарлықтай шағын. VIBE-тің 2022 жылғы есебінің деректеріне сәйкес, олардың басым көпшілігі мемлекеттік қаржыландыруға немесе халықаралық ұйымдардың гранттарына тәуелді.121 Сондай-ақ онлайн-басылымдардың қызметі БАҚ-қа иелік ететін заңды тұлғадағы үлестің 20%-ынан астам шамасын иеленуге тыйым салуды қоса алғанда, бірқатар заңнамалық нормалармен шектелген.122

В7: Интернеттегі ақпараттық ландшафт қаншалықты алуан түрлі және сенімді? (0–4 ұпай ): 2

Тәуелсіз онлайн-басылымдар үшін қиын бизнес-ортаға қарамастан, Қазақстанда бірқатар беделді және сыншыл сайттар жұмыс істейді. Онлайн-медиа нарығындағы шектеулер дәстүрлі БАҚ секторына қарағанда қатал емес.

Жаһандық әлеуметтік желілер мен платформалар қолжетімді және танымал, дегенмен оларға қосылу мүмкіндігі шектеулі болып жатады (A3 және B1 қараңыз). Бірегей емес жалпы платформа пайдаланушыларын есептейтін DataReportal қызметінің деректеріне сәйкес, 2022 жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша Қазақстанда әлеуметтік желілерд пайдаланушылар саны 11,85 миллион адамды құрады.123

2022 жылдың қазан айында Beeline ұялы байланыс операторы және интернет-провайдер цифрлық теледизия топтамасындағы 15 ресейлік телеарнаның таратылуын тоқтатқанын хабарлады. Ресейдің Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігімен кеңескеннен кейін «Билайн» бұл шешімнен бас тартты.124

Пайдаланушылар халықаралық жаңалық сайттарының көпшілігіне еркін қол жеткізе алады, бірақ қазақстандықтардың шағын бөлігі ғана ағылшын тіліндегі контентті пайдаланады. Отандық онлайн-контентте (жаңалық порталдарында да, әлеуметтік желілерде де) орыс тіліндегі материалдар басым болғанымен, қазақ тіліндегі контенттің көлемі де біртіндеп артып келеді.

Биліктегілер бірқатар VPN қызметтерін бұғаттағанымен, VPN және осыған ұқсас құралдарды қазақстандықтар анда-санда кездесетін бұғаттауды айналып өту үшін кеңінен пайдаланады. (C4 қараңыз).

Барлық мемлекеттік мекемелер өз веб-сайттарының ең болмағанда қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаларын ұсынуға міндетті; бизнес саласындағы көптеген ұйымдар да осыны ұстанады. Елімізде кириллицадан латын әліпбиіне көшу үдерісі басталды, бұл үдерістің мақсаты ретінде – қазақ тілін цифрлық коммуникацияларда қабылданған кодтаулар мен қаріптердің көпшілігімен үйлесімді ету ниеті айтылды.125

В8: Пайдаланушылардың жұмылуына, сондай-ақ әсіресе саяси және әлеуметтік мәселелер бойынша қоғамдастықтар құрып, үгіт-насихат жүргізуіне кедергілер бар ма? (0–6 ұпай ): 2

Ұпайдың өзгеруі: Баға 2-ден 3-ке көтерілді, өйткені есепті кезең барысында онлайн-белсенділікке шектеулер азырақ байқалды.

Азаматтар Қазақстандағы азаматтық және саяси мәселелер бойынша ұйымдасу үшін әлеуметтік желілер мен басқа да цифрлық құралдарды пайдаланады. Танымал платформалар әсіресе митингтің алдында және митинг кезінде оқтын-оқтын шектеулерге ұшырап отырады,. Әлеуметтік желілердегі саяси немесе әлеуметтік мәселелерді талқылау көбінесе интернетте кеңінен тарайтын сенсациялық контентпен басылып қалады.

Биліктегілер «тәртіпсіздіктерді үйлестіруге» жол бермес үшін 2022 жылдың қаңтар айындағы наразылықтар кезінде және одан кейін интернетті шектегенін мәлімдеді. Оқиғалардың бейне-жазбаларынбөліскен пайдаланушылар қысымға ұшырады (С3 қараңыз). Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай азаматтық қоғам мен қалың жұртшылық Тоқаевтың 2019 жылы президенттікке сайланғаннан кейін уәде еткен нақты саяси реформаларын талап ете бастады. Бұл – қатысушалары негізінен әлеуметтік желілер арқылы тартылған көптеген онлайн-петицияларды, митингтерді және гуманитарлық бастамаларды қоса алғанда онлайн тәртіптемесінде де,126 оффлайн тәртіптемесінде де127 белсенділіктің айтарлықтай өсуіне әкелді. 2022 жылдың наурыз айында Алматыда Украинаны қолдау митингісіне 2 000-нан астам адам шықты.128

2021 жылдың қыркүйек айында азаматтық қоғам өкілдері «кибербуллинг туралы заңға» қарсы петицияны іске қосты (В3 қараңыз ).129 2022 жылдың наурыз және сәуір айларында заң жобасына қарсы шыққандар Алматы және Астана қалаларында наразылық шерулерін өткізді.130

Биліктегілер кейде митингтер үйлестірілетін топтық чаттарға қол жеткізу мүмкіндігін шектеу үшін наразылықтардың алдында, соның ішінде тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) партиясы жүргізетін наразылықтардың алдында мессенджерлерді немесе интернетке кіру мүмкіндігін бұғаттайды. Белсенділерді сот арқылы қудалау үшін материалдар жинау мақсатында Telegram және басқа платформалардағы оппозициялық топтарға ақпар берушілерді енгізу тәжірибесі қолданылады.131

Азаматтық науқанға жол бермес үшін көптеген онлайн петиция сайттары бұғатталып қалуда. 2022 жылдың желтоқсан айында Қазақстан парламентінің төменгі палатасы – Мәжіліс онлайн-петициялар механизмін енгізуді қамтитын қоғамдық бақылау туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Заң жобасына сәйкес, азаматтар жергілікті және орталық органдарға жолдай алатын электронды петициялар үшін арнайы платформа құру жоспарлануда. Мемлекеттік органдар қолтаңбалардың белгілі бір санына жеткеннен кейін оларды қарауға міндетті болады және бұл – мемлекеттік басқарудың деңгейіне байланысты өзгешеленуі мүмкін.132 АҚДМ онлайн-петициялар үшін ресми платформа құру ниетін 2019 жылы жариялаған.133

Биліктегілер белсенділерге рұқсат етілмеген акцияларды өткізгені үшін жауапкершілікті «ескерту» үшін жоспарлаған митингтердің алдында оларға жүйелі түрде қысым жасайды; кейде полиция қызметкерлері митингке қатысуға жол бермес үшін ұйымдастырушыларды алдын ала ұстау шараларын жүргізеді.134

C. Пайдаланушылардың құқығын бұзу (0-40 ұпай)

C 1: Конституция немесе басқа заңдар интернеттегіні қоса алғанда өз ойын білдіру бостандығын, сөз бостандығын және ақпаратқа қол жеткізу құқығын қорғайды ма? Олардың сақталуын қамтамасыз ететін тәуелсіз сот жүйесі бар ма? (0–6 ұпай ): 1

Конституция сөз бостандығына кепілдік береді, алайда бұл құқық басқа заңдармен шартталған және іс жүзінде ол жала жабуға, жалған ақпарат жариялауға және т.б. қатысты тыйымдармен қатаң шектелген (С2 қараңыз). 2022 жылдың маусым айында Конституцияға өзгертістер енгізу туралы жалпыұлттық референдумнан кейін Республика Президенті өкілеттіктерінің бір бөлігі парламентке өтті.135 2022 жылдың қаңтар айындағы наразылықтар кезінде президент Тоқаев «жаппай жиындарға» тыйым салып, төтенше жағдай жариялады.136

Интернет-ресурстар бұқаралық ақпарат құралдары болып есептелгенімен, блогерлер журналисттермен бірдей құқыққа ие емес және тіпті ресми түрде жұмыс істейтін онлайн-репортерлар өз жұмысында көптеген қиындықтарға тап болады. 2019 жылдың ақпан айында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі журналисттердің мемлекеттік органдарға онсыз да шектеулі қол жеткізу мүмкіндігін одан әрі қиындату туралы жоспарын жариялады.137 Полиция және үкіметті жақтаушылар блогерлер мен журналисттерді заңсыз қудалағаны үшін ешқашан жауапқа тартылмайды. Сонымен қатар, 2020 жылдың сәуір айында қабылданған Қазақстанның ақпараттық секторын дамыту жөніндегі үкіметтің жоспарында блогерлерге әртүрлі мемлекеттік органдарда аккредиттелу құқығын беру арқылы олардың беделін арттыру қарастырылған.138

Барлық судьяларды Президенттің өзі тағайындайды және іс жүзінде сот билігі тәуелсіз болып табылмайды. Конституциялық сот 1995 жылы таратылып, оның орнына Конституциялық Кеңес құрылды, ол азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өтініштерін қабылдамады. Есепті кезең аясында Конституциялық сот президент Тоқаевтың реформалар бағдарламасы аясында 2022 жылғы маусым айында Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумның нәтижесінде қайта қалпына келтірілді. Сот 2023 жылдың қаңтар айында азаматтардың өтініштерін қабылдауды бастады және 2023 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша шамамен 1 500 шағым берілді; соның ішінде 1 000-нан астам шағым бойынша жазбаша түсініктеме алынды, 400-ге жуық шағым бойынша жұмыс жасалуда және 27 шағым алдын ала қаралуда.139

C2: Онлайн-белсенділік үшін, әсіресе халықаралық адам құқығы стандарттарымен қорғалатын әрекеттер үшін қылмыстық жазалауды немесе азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қарастыратын заңдар бар ма? (0–4 ұпай ): 0

Үкімет халықаралық адам құқықтары стандарттарымен қорғалған онлайн тәртіптемесіндегі өз ойын білдіру бостандығын шектеу үшін Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірқатар ережелерін пайдаланады.140 Заңнамадағы түсініксіз тұжырымдамалар сын мен пікірді жала жабу немесе экстремизм ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді.

Қылмыстық кодекстің 174 бабында «тектік-топтық, нәсiлдiк, ұлттық, дiни немесе әлеуметтiк алауыздықты қоздырғаны үшін» 50 мың АҚШ долларына дейін айыппұл салу, 7 жылға дейін шартты мерзім немесе 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.141 Ең жоғары жаза – заң бұзушылықты «қылмыстық топ жасаған немесе ол ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдайда» қолданылуы мүмкін. Бұл бап бойынша қудалау кең тараған. Құқық қорғаушылар терминологияда әсіресе «әлеуметтік келіспеушілік» ұғымына қатысты айқындықтың болмауына қатысты бірнеше рет алаңдаушылық білдірді.142 179-бапта «билікті басып алуға «үгіт-насихат жүргізу немесе жария шақыру» немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе байланыс құралдарын пайдалана отырып «конституциялық құрылысты күштеп өзгерту» әрекеттері үшін 5 жылдан 10 жылға дейін түрмеге тоғыту, ал 256 бапта – «терроризм актісін акт жасауға жария шақыру» әрекеті үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.143

274 бапта «қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін, не болмаса азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, не болмаса қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруқаупін тудыратын қауесеттерді немесе көрінеу жалған ақпаратты» таратуға тыйым салынады, бұл – 7 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.144

2023 жылдың наурыз айында президент Тоқаев Қылмыстық кодекске телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жаппай арандатушылық тудырғаны үшін жазаны 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жолымен жазаны күшейтетін түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды.145

2020 жылдың маусым айында президент Тоқаев жала жабуды қылмыс деп танымау туралы түзетулерге қол қойды.146 Түзетулер Қылмыстық кодекстің 130 бабынан жала жабуды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырады, бұзушылық үшін жаза 1 000 АҚШ долларынан 3 500 АҚШ долларына дейін айыппұл салуға немесе 15 тәуліктен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соқтырады. Егер жала жабу әрекеті бұқаралық ақпарат құралдары немесе АКТ желілері арқылы жария түрде жасалса, айыппұл мөлшері 1 200 – 4 200 долларға дейін, ал қамауда ұстау мерзімі 20-25 тәулікке дейін артады. Егер жаланың құрамында мемлекеттік лауазымды тұлғаға сыбайлас жемқорлық жасады деген айыптар болса, әкімшілік қамауға алу мерзімі 30 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Осы түзетулерге сәйкес Қылмыстық кодексте 174 бап қалды; «қоздыру» сөзі «арандату» сөзімен алмастырылды, ал тәртіп бұзушылар түрмеге тоғытылудың орнына, 13 000 АҚШ долларынан 45 000 АҚШ долларына дейін айыппұл төлеуі тиіс болады.147

Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау қылмыстық құқық бұзушылық болып қалды. Заңда мемлекеттік қызметшілерге, судьяларға және парламент депутаттарына тіл тигізгені үшін барынша қатаң жаза көзделген. Шенеуніктер мен билікті қолдайтын олигархтар өздеріне сын айтылғаны үшін жазалау мақсатында жала жабу туралы және ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау туралы баптарын бұрын да бірнеше рет қолданған. 2023 жылдың қаңтар айында президент Тоқаев бұрынғы президент Назарбаев пен оның отбасы мүшелерін қорлауға тыйым салатын заңның күші жойылатынын мәлімдеді.148 Әділет министрлігі Қылмыстық кодекске тиісті түзетулер енгізуді жоспарлапотырғанын растады,149 бірақ 2023 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша онда бұрынғы президенттің бейнесін қорлағаны үшін және Назарбаевты немесе оның отбасы мүшелерін қорлағаны үшін қылмыстық жауапқа тартуды қарастыратын баптар бар.

2023 жылдың шілде айында, есепті кезеңнен тыс уақытта, «Онлайн-платформалар және интернет-жарнама туралы» Заң күшіне енді (В 6 қараңыз), оған сәйкес әлеуметтік желілерде жалған ақпарат жариялаған адамдарға 69 000 теңге (147 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін; инфлюенсерлер үшін айыппұл 138 000 теңгеге дейін (294 АҚШ доллары) жетуі мүмкін.150

2015 жылы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (кейіннен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып түрленді) әлеуметтік желі пайдаланушылары өз парақшаларындағы үшінші тұлғалардың жариялаған экстремистік сипаттағы пікірлер үшін Қылмыстық кодекстің 183 бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін екенін мәлімдеді, ол бойынша 50 тәулікке дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.151 Мұндай контентті өздері орналастыратын немесе тарататын пайдаланушылар оны «дайындағаны, сақтағаны, әкелгені, тасымалдағаны және таратқаны» үшін айыппұл төлеуі мүмкін, ал кейбір жағдайларда – Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.152

C3: Онлайн тәртіптемесіндегі әрекеттері үшін, әсіресе адам құқығы саласындағы халықаралық стандарттармен қорғалған әрекеттері үшін адамдар жазаланады ма? (0–6 ұпай ): 2

Жекелеген тұлғалар, соның ішінде журналисттер өзінің онлайн тәртіптемесіндегі әрекеттері үшін жиі жазаланады. Қазақстан билігі сын айтушылардың үнін өшіру үшін немесе оларды жазалау үшін жала жабу бабын, ал соңғы кездері көрінеу жалған мәлімдемелер тарату бабымен айыптауды ұзақ уақыт бойы қолданып келді. Есепті кезең барысында 2022 жылғы Қаңтар оқиғасымен байланысты тұтқындаулар жалғасты.153

2023 жылдың наурыз айында сол кездегі парламенттік сайлауға қатысқан блогер Думан Мұхаметкәрім YouTube желісіндегі бейнежазбада сайлау нәтижелерінің «бұрмалануына» қарсы наразылық шеруіне шақырғаннан кейін «жаппай тәртіпсіздіктерге» шақырғаны үшін 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.154 2023 жылдың сәуір айында оппозициялық саясаткер Нұржан Әлтаев ереуілге шыққан, полиция ұстаған мұнайшыларды қолдау мақсатында Астана тұрғындарын жиналуға шақырып Астанадағы полиция бөлімшесінен тікелей хабар таратқаны үшін «жаппай тәртіпсіздікке» шақырды деген айыппен 15 тәулікке қамауға алынды.155

2023 жылдың ақпан айында саяси блогер Махамбет Әбжан жала жабу материалдарын жариялаймын деп қорқытты және бопсалады деген айыппен 9 жылға сотталды.156 2022 жылдың шілде айында ол осы іс бойынша екі айға қамауға алынды, ал бұны бірқатар журналисттер «саяси аңшылық» деп атады.157 Бұған дейін, 2022 жылдың қаңтар айында полиция Астанадағы наразылық шерулерін жариялап жүрген Әбжанды ұстап, оның пәтеріне басып кірмек болған (С7 қараңыз).158 Өзінің қауіпсіздігінен алаңдаған Әбжан бірнеше апта бойы жасырынып жүрды, одан кейін БАҚ өкілдеріне Ресейдің тәуелсіз «Дождь» телеарнасына берген сұхбатына қатысты159 қылмыстық іс бойынша куәгер болып табылатынын айтты.160

2022 жылдың желтоқсан айында Экономикалық қылмыстарды тергеумен айналысатын арнайы қызмет – Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) өзінің танымал Telegram арнасы бар «Время» газетінің танымал зерттеуші журналисті Михаил Козачковты тұтқындады161. Оған ұйымдасқан қылмыстық топқа бизнесті рейдерлік жолмен алуды жүзеге асыруға көмектескен жалған және беделге нұқсан келтіретін ақпаратты таратты деген айып тағылды.162 «Время» газеті мұндай қудалаудың саяси астары бар екенін және Козачков өзінің журналистік қызметі үшін жапа шеккенін айтты.163 Қазақстандағы БАҚ құқықтарын қорғайтын ең ірі үкіметтік емес ұйым – Adil Soz бұл іс бойынша ҚМА тарапынан жол берілген процестік бұзушылықтарға сын айтты.164 Козачков тағылған айыптарды жоққа шығарды165. Бірқатар қазақстандық және халықаралық ұйымдар Қазақстан билігіне оны босату туралы үндеу жасады.166 2023 жылдың ақпан айында ол тергеу изоляторынан үй қамаққа ауыстырылды.167 Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша бұл іс жабылмады.

2022 жылдың қараша айында Бестөбенің кәсіпорындары мен жергілікті әкімшілігінің қатысы болуы мүмкін сыбайлас жемқорлық сұлбаларына қарсы сөйлеген экологиялық белсенді Николай Качиев ұсталып, одан жауап алынды. Полиция қызметкерлері оның үйін тінтіп, компьютерін тартып алды. Оған YouTube желісіндегі бейнелерінде жалған ақпарат таратты деген айып тағылуда. 2021 жылы ол осыған ұқсас іс бойынша кінәлі деп танылып, 1 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған болатын.168

2022 жылдың тамыз айында Степногорск қаласының белсендісі Айя Сәдуақасова 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін және тыйым салынған ҚДТ партиясының қызметіне қатысқаны үшін 3 жылға шартты түрде сотталды. БАҚ деректеріне сәйкес, 2022 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша, қаңтардағы наразылықтар кезінде көрінеу жалған ақпарат таратумен байланысты 11 қылмыстық іс қозғалып, кем дегенде бір жағдай бойынша 1 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.169

2022 жылдың маусым айында Білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек 2020 жылдың қараша айында Facebook-те жарияланған жазбасы үшін журналист Гүлбану Әбенованы сотқа берді, ол жазбада сыбайлас жемқорлық сұлбаларына Саясат Нұрбектің қатысы болуы мүмкін делінген. 2022 жылдың қыркүйек айында сот министрдің пайдасына шешім шығарып, Әбеновадан министрге «моральдық шығынның» өтемақысы ретінде 1 миллион теңге (2 178 АҚШ доллары) төлеуін талап етті.170

2022 жылдың наурыз айында блогерлер Мәрғұлан Боранбай мен Данат Намазбаев Facebook желісіндегі билікті өзгертуге және жемқор шенеуніктерді жауапқа тартуға шақырған жазбалары үшін «алауыздық тудырды» деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың екеуі де үкімет саясатын, Ресей империализмін және Украинаға қарсы агрессияны сынаушы ретінде танымал болды. Бастапқыда Боранбай 2020 жылдың қазан айында осындай айыппен қамауға алынып, үй қамақта болған.171 2022 жылы шығарылған сот шешіміне сәйкес, ол бостандыққа шыққаннан кейін 3 жыл бойы бұқаралық ақпарат құралдарымен айналысуға рұқсат етілмейді.172 2022 жылдың шілде айында, есепті кезеңнен тыс уақытта, сот олардың шағымын қанағаттандырмай, Боранбайдың жазасына тағы 2 ай қосты .173

2021 жылдың мамыр айында Instagram желісіндегі Сатиралық аккаунттың авторы болып табылатын блогер Темірлан Еңсебек қамауға алынғанға дейін бірнеше ай бұрын парақшасын өшіріп тастағанына қарамастан, «жалған ақпарат таратып, жұртшылықты адастырды» деген айыппен қамауға алынды174. Оған тиесілі ноутбук пен ұялы телефондар алынды.175 Жауап алынғаннан кейін Еңсебек босатылды, бірақ оған «азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің құқығы мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін көрінеу жалған ақпарат таратты» деген айып тағылып,176 оған 20 000 АҚШ долларына дейін айыппұл салынуы немесе 3 жылға дейін түрмеге тоғытылуы мүмкін.177 2022 жылдың қыркүйк айында бұл іс ресми түрде жабылды.178

Биліктегілер онлайн-жарияланымдар үшін қудалау мақсатында терроризм және экстремизм, соның ішінде «алауыздық тудыру» (Қылмыстық кодекстің 174 бабы) бойынша айыптарды пайдаланады,179 және бұл ретте жаза ретінде әдетте «бостандығын шектеу» немесе шартты мерзім тағайындалады.180 Жергілікті құқық қорғаушылар судьялар мен прокурорларды экстремизм немесе терроризм істерін қараудағы біліксіздігі үшін сынға алады.181 Есепті кезеңде онлайн-жарияланымдар үшін қудалау мақсатында бұл баптың қолданылғаны туралы елеулі мысалдар болған жоқ.

Бұрын биліктегілер әсіресе тыйым салынған ҚДТ партиясының қызметіне қатысты сыни пікірлерін интернетте жариялағаны үшін желі пайдаланушыларын үнемі тұтқындап, қудалайтын еді. ҚДТ экстремистік ұйым деп танылғаннан кейін оның контентін онлайн тәртіптемесінде, соның ішінде. жеке хабарламалар арқылы тарату заңсыз болды.182

C4: Үкімет анонимдеу немесе шифрлеу құралдарына шектеу қояды ма? (0–4 ұпай ): 1

Биліктегілер интернетте анонимдікке шектеу қояды. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап пайдаланушылар қазақстандық сайттарда пікір қалдыру үшін мемлекет беретін электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS арқылы өін сәйкестендіруі тиіс183; бұл талап орындалмағанжағдайда айыппұл салынуы мүмкін.184 Кейбір жаңалық сайттары мен басқа да онлайн-ресурстар пікір қалдырушыларды сәйкестендіру үдерісін енгізді, алайда көпшілігі оқырмандарды әлеуметтік желілердегі парақшасында өз пікірін қалдыруға шақыра отырып, пікір жазу функциясын өшіріп тастады.

Биліктегілер VPN және басқа да құралдарды пайдалануды сот шешімдері арқылы шектеуде185. Танымал VPN сервистері, соның ішінде TunnelBear және TouchVPN қолжетімсіз. 2020 жылы цензураны айналып өтудің 148 құралы бұғатталды (В1 қараңыз).186 2023 жылдың наурыз айында Белизде орналасқан VPN қызметі HIDEMY.NAME 2020 жылы жүзеге асырылған бұғаттауға сот арқылы шағымданатынын мәлімдеді (В1 қараңыз).187

Деректерді шифрлеу құралдары шектелмейді, бірақ пайдаланушылардың көбісі оларды пайдаланбайды. 2022 жылдың Қаңтар айындағы оқиғалар барысында интернет қолжетімсіз болған кезде VPN шлюздері де, бұғаттауды айналып өтудің өзге құралдары да, соның ішінде Telegram қолданбасына кіріктірілген VPN-лер де қолжетімсіз болды. Пайдаланушылардың бір бөлігі Telegram-ға шетелде тұратын қазақстандықтар баптаған прокси-серверлер арқылы кіре алды188.

Мобильді телефон иелері SIM карталарын тіркеуі тиіс. Биліктегілер пайдаланушылардан мобильді байланыс желілерін пайдаланатын барлық құрылғыларды байланыс операторлары арқылы тіркеуді талап етеді. Нәтижесінде, адамның жеке куәлігі, оның SIM-карталары туралы ақпарат және оның құрылғыларының IMEI-кодтары бір-бірімен байланыстырылады. 2018 жылғы түзетулерге сәйкес, тіркелмеген мобильді құрылғыларды операторлар 2019 жылдың қаңтар айынан бастап ажыратуы тиіс болды.189 2019 жылдың қазан айында биліктегілер IMEI-кодтардың бірыңғай дерекқорын іске қосты, содан кейін операторлар тіркелмеген құрылғылардың көбісін ажыраты бастады (A3 және A4 қараңыз). Заң бойынша операторларға құрылғылары тіркелмеген клиенттерге қызмет көрсетуге тыйым салынады.190

Биліктегілер 2018 жылғы түзетулерді мобильді құрылғылардың ұрлануымен, контрафактілік өнімдермен және терроризммен күресу әдісі деп түсіндірді.191 Құқық қорғаушылар жеке сәйкестендіру нөмірлерін SIM-карталармен және IMEI кодтарымен байланыстырудың салдарынан пайдаланушылардың жеке өміріне қол сұғылмауына қауіп төнетінін және бақылау мүмкіндіктерінің ықтималдығын атап өтті.192 Белгілі бір құрылғыны байланыс қызметінен ажыратудың техникалық мүмкіндігі 2019 жылғы президенттік сайлау кезіндегі наразылық акциялары барысында белсенділерге қарсы қолданылған болса керек.193

2016 жылдан бастап көпшілікке қолжетімді Wi-Fi желілеріне кіру үшін пайдаланушылар SMS-код алуы тиіс, бұл да SIM-карталарды жеке сәйкестендіру нөмірімен байланыстырып тіркеудің садларынан аңду мүмкіндігіне жол ашады.194 Бұл ережелерді сақтамағаны үшін бизнеске 300 000 теңгеге дейін (680 АҚШ доллары), ал пайдаланушыларға 30 000 теңгеге дейін (68 АҚШ доллары) айыппұл салынуы мүмкін.195 2023 жылдан бастап бұл жүйені салыстырмалы түрде ірі мейрамхана желілерінде ғана енгізді.

C5: Мемлекеттің интернетті бақылауы жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын бұзады ма? (0–6 ұпай): 2

Мемлекеттік онлайн-аңдудың ауқымын бағалау қиын, бірақ қазақстандықтар бұрын шпиондық бағдарламалардың құрбаны болғаны белгілі. Цифрлық құқықтар саласындағы сарапшылардың пікірінше, биліктегілерде аңдудың ауқымды инфрақұрылымы бар. Үкімет трафикті терең сүзгілеу ( DPI ) және басқа мақсаттар үшін басқа посткеңестік елдерде енгізілгенге ұқсас ресейлік үлгідегі СОРМ технологиясын пайдаланады. 2019 жылдың ақпан айында Vlast.kz журналисттерінің зерттеуі барысында Қазақстан мен Ресейдің киберқауіпсіздік саласындағы кең ауқымды байланыс желісі анықталды.196

2022 жылдың маусым айында тіркелмеген Қазақстан Демократиялық партиясының жетекшісі Жанболат Мамайдың жұбайы Инга Иманбай (В2 қараңыз) ұялы телефонына Android құрылғыларынан ақпаратты тыңдауға және шығарып алуға қабілетті Hermit шпиондық бағдарламалық жасақтамасының жұқтырылғанын хабарлады.197 Оның мәлімдемесі Lookout Threat Lab Қазақстан билігі Италияның RCS Labs компаниясынан Hermit бағдарламасын сатып алып, оны жергілікті белсенділергеқарсы пайдаланған болуы мүмкін деген зерттеуін жариялағаннан кейін бірнеше күннен соң жасалды.198 Бағдарламалық жасақтама Израильдің NSO Group компаниясының Pegasus бағдарламалық жасақтамасына ұқсайды деп болжануда, ал оны Қазақстан билігінің пайдаланғаны туралы бұрын хабарланған болатын.199

2021 жылдың шілде айында Францияның Stories басылымы және Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP ) «жылыстаған» дерекқорды зерттей отырып, одан қазақстандық олигархтар мен саясаткерлердің телефон нөмірлерін тапты. Дерекқор Pegasus шпиондық бағдарламалық жасақтамасын сататын NSO Group компаниясының клиенттерін қызықтыратын адамдардың тізімі ретінде сипатталған. Тергеу авторларының айтуынша, Назарбаев билігі кезінде 2 000-ға жуық қазақстандық телефон нөмірі аңду нысаны болған,200 соның ішінде қазіргі президент Тоқаевқа, бұрынғы премьер-министр Асқар Маминге, танымал саясаткерлерге, Назарбаевқа жақын олигархтарға және оппозиция қайраткерлеріне тиесілі нөмірлерді қоса алғанда. Сонымен қатар, тізімде екі қазақстандық журналист болды. Үкімет өзіне тағылған айыптарды бірнеше рет жоққа шығарды.201

2021 жылдың қараша айында саяси реформаларды жақтайтын «Oyan Kazakhstan» жастар қозғалысының алты белсендісі Apple компаниясынан олардың құрылғылары Pegasus арқылы бұзып ашылған болуы мүмкін деген ескерту алды.202 Amnesty International қауіпсіздік зертханасы жүргізген арнайы сараптама төрт белсендінің құрылғылары шпиондық бағдарламаны жұқтырғанын растады.203

2018 жылдың қаңтар айында ҰҚК әзірлеген жаңа СОРМ техникалық регламенті күшіне енді.204 Жергілікті құқық қорғаушылардың айтуынша, құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет органдары тиісті рәсімдерді орындамастан оппозиция белсенділерінің телефон арқылы сөйлесулерін сырттай бақылайды және тыңдайды.205

Интернет-трафикті бірқатар мемлекеттік органдар бақылайды. МТҚ «Телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару» жүйесінің көмегімен трансшекаралық байланыс арналарын бақылайды. Телекоммуникациялық қызмет провайдерлерінің барлығы оған қосылуы тиіс және билік органдарының сауалы бойынша оларға өздерінің басқару орталықтарына физикалық қол жеткізуді ұсынуы тиіс.206 «Қазақтелекомның» СОРМ жүйесімен қатар өзінің DPI жүйесі бар, бірақ компаниядағылардың айтуынша, ол пайдаланушылардың дербес деректеріне қол жеткізу үшін емес, трафикті басқару үшін пайдаланылады.207

2015 жылы Qaznet Trust Certificate түбірлік қауіпсіздік сертификатын енгізу заңмен бекітілді.208 Содан бері ол Астанада бірнеше рет «сынақ тәртіптемесінде» қолданылды.209 Пайдаланушыларға210 сертификатты өз құрылғыларына орнатпаған жағдайда шетелдік веб-сайттарға кіру қиынға соғуы мүмкін екені ескертілді.211 Биліктегілер сертификаттың енгізілуін пайдаланушылардың дербес деректерін ұрлаумен, алаяқтықпен және басқа да қауіптермен, соның ішінде кибершабуылмен күресу қажеттілігімен түсіндірді.212 2019 жылдың шілде айында ҰҚК сертификат қорғалған трафиктің шифрін шешуге мүмкіндік беретінін мойындады, бірақ азаматтардың интернеттегі әрекеттері туралы ақпаратты сақтауды немесе қарауды жоспарлап отырмағанын мәлімдеді.213

2019 жылдың тамыз айының басында ҰҚК сертификатты сынақтан өткізудің аяқталғаны туралы жариялап, оның сынамалы іске қосылуы елдің ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін тексеруге, сондай-ақ миллиондаған киберқауіпсіздік оқиғаларын анықтауға және болдырмауға мүмкіндік берді деп мәлімдеді.214 Apple, Google және Mozilla өз пайдаланушыларының дербес деректерін ұстап алудан қорғау үшін өздерінің веб-браузерлерінде (Safari, Chrome және Firefox) сертификаттың пайдаланылуын бұғаттайтынын мәлімдеді.215 2020 жылдың желтоқсан айында осы компаниялар да Microsoft секілді өз желілерінде және бағдарламалық жасақтамаларында сертификатты пайдалануға тыйым салды.216

Биліктегілер әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды қадағалап отырады, соның ішінде АҚДМ құзыреті шегінде, сондай-ақ әлеуметтік желілерге мониторинг жасау жүйелері бар Alem Research және IMAS секілді жекеше мердігерлер арқылы.217. IMAS клиенттері арасында Бас прокуратура, Әділет министрлігі және бірқатар жергілікті әкімшіліктер бар.218

2022 жылдың мамыр айында Бас прокуратура Ішкі істер министрлігінде әлеуметтік желілерге мониторинг жасауға және әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің пайдаланушыларын сәйкестендіруге арналған арнайы жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың пайда болғанын хабарлады.219 Шенеуніктердің айтуынша, бұл жабдық алаяқтықпен, онлайн-алаяқтықпен және қаржы пирамидаларымен күресу үшін сатып алынған.

Биліктегілер кейде жоспарланып жатқан іс-шаралар туралы мәліметтер алу және қысым көрсету мақсатында, оның ішінде алдын ала ұстау мақсатында белсенділердің хат-хабарын тыңдайды.220 Арнайы қызмет органдары WhatsApp және Telegram желілеріндегі топтық чаттарға қол жеткізе алады, өйткені белсенділердің айтуынша, олар тек сонда жарияланған материалдарға қатысты қиындықтарға тап болған. Биліктегілердің жабық чаттарға қалай енетіні белгісіз, бірақ бұл топтарда ақпарат берушілер бар немесе полиция ұсталған белсенділердің телефондарына қол жеткізеді деген болжам бар.221

2020 жылдың қараша айында ҰҚК Ұлттық бейне-мониторинг жүйесінің жұмыс істеу ережелерін қабылдады.222 Бұл жүйе ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін «бейнефайлдарды жинауға, өңдеуге және сақтауға арналған аппараттық және бағдарламалық құралдарды» қамтиды. ҰҚК оған қандай жеке немесе заңды тұлғалардың («абоненттердің») қосылуы тиіс екенін өзі шешеді, жабдықты орнату мен оған техникалық қызмет көрсетудің құнын анықтайды.

2020 жылдың маусым айында Президент Тоқаев цифрлық технологиялар туралы заңға қол қойды, оған сәйкес ЦДИАӨМ жанындағы Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректерді қорғауға жауапты орган болып тағайындалды. Сондай-ақ заңда нақты құқықтық реттеу де, қоғамдық бақылау да қарастырылмаған Ұлттық бейнебақылау жүйесін, сондай-ақ деректерді қорғау кепілдігі қарастырылмаған Азаматтарды биометриялық түпнұсқаландыру жүйесін құру көзделген.223

C6: Қызмет көрсетуші провайдерлер және басқа да технологиялық компаниялар пайдаланушылық деректерге мониторинг жасау және жинау жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын бұзады ма? (0–6 ұпай): 2

Телекоммуникациялық компаниялар ЖІІЖ техникалық регламенттерін енгізді (С5 қараңыз), бұл – Қазақстан билігіне абоненттердің деректеріне нақты уақыт тәртіптемесінде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Пайдаланушылардың деректерін билік органдарының сұрау тәртібі әрдайым орындала бермейді. Арнайы қызмет органдары талап ету бойынша байланыс операторларында сақталған пайдаланушылық деректерге қол жеткізе алады, өйткені компаниялар мұндай талаптарға қарсы тұра алмайды. Tele2-Altel -дегі үлесін «Қазақтелеком» 2019 жылы сатып алған Швецияның Tele2 мобильді байланыс операторы Қазақстан нарығынан кетер алдындағы өзінің соңғы есебінде «ЖІІЖ-дің қаншалықты жиі қолданылғанын және әрбір жағдайда тиісті ордердің болған-болмағанын білуге компанияның мүмкіндігі болған жоқ» деп атап өтті.224

Заңға сәйкес, тіркелген байланыстың интернет-провайдерлері мен ұялы байланыс операторлары пайдаланушының желідегі белсенділігі туралы деректерді, соның ішінде телефон нөмірлерін, төлем ақпаратын, IP адрестерін, кіру тарихын, деректерді беру хаттамаларын және басқа деректерді сақтауға міндеттенеді.225 Оларды екі жыл бойы сақтап, прокурордың рұқсатымен немесе «Бас прокуратурамен келісе отырып» 24 сағат ішінде «жедел-іздестіру органдарының», соның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және басқа да күш құрылымдарының оларға қол жеткізуін қамтамасыз етуі тиіс».226 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте пайдаланушылық деректерді сақтау ережелерін орындамағаны үшін операторларға айыппұлдар қарастырылған.227 Tele2 есебінде компанияға құқық қорғау органдарының сұрауларының сипаты мен санын жариялауға биліктегілердің тыйым салғаны айтылған.228

.kz және .ҚA3 аймағындағы домен атауларын пайдаланатын сайттар ел ішіндегі серверлерде орналастырылуы тиіс.229 Байланыс туралы заңға сәйкес, пайдаланушылардың дербес деректері де Қазақстан аумағында сақталуы тиіс.230 2017 жылдың соңында үкімет шетелдік әлеуметтік желі платформаларымен келіссөздер жүргізіп, оларды қазақстандық серверлерге көшуге үгіттеу жоспарын жариялады, бұл – пайдаланушылардың дербес деректеріне биліктегілердің қол жеткізуін жеңілдетер ееді.231 2020 жылдың қыркүйек айында Домендерді тіркеу ережелеріне түзетулер енгізілді. Ол түзетулерге сәйкес, егер де сайт немесе оның бағдарламалық жасақтамасы физикалық түрде Қазақстаннан тыс жерде орналасқан болса, биліктегілер домендік атаудың қолданылуын тоқтата тұруға құқылы болады (В3 қараңыз).232

2021 жылдың сәуір айында Үкімет Дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату үдерістерінің қорғалуын тексеру қағидаларын қабылдай отырып, мемлекеттік техникалық қызметке «жеке деректерді басқару» сапасын бағалау үшін электрондық ақпараттық ресурстардың аппараттық-бағдарламалық құралдарына («ақпараттандыру нысандарына») қол жеткізу құқығын берді.233 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, абоненттердің арасында ұлттық қауіпсіздік сертификатын таратпағаны үшін, пайдаланушылық деректерді сақтаудан бас тартқаны үшін немесе құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет органдарына деректер мен құрал-жабдыққа қол жеткізу мүмкіндігін ұсынбағаны үшін операторларларға айыппұл салынуы мүмкін (A3, B1 және С5 қараңыз).234

Қазақстандық веб-сайттардың иелері пікір қалдырушылардың деректерін кем дегенде 3 ай бойы сақтап, оларды биліктегілерге сұрау бойынша ұсынуға міндетті.235

C 7: Пайдаланушының онлайн-белсенділігі нәтижесінде мемлекеттік органдар немесе басқа субъектілер тарапынан заңсыз қорқыту немесе физикалық зорлық-зомбылық орын алады ма? (0–5 ұпай): 2

Бұл есепті кезең журналисттерге қатысты зорлық-зомбылық пен қорқыту оқиғаларының айтарлықтай өсуімен сипатталды.

Журналисттер мен Бұқаралық ақпарат құралдарына қарсы үйлестірілген шабуылдар толқыны 2022 жылдың қазан айында, кезектен тыс президент сайлауы қарсаңында басталып, 2023 жылдың басына дейін, республика парламентінің сайлауы өткенге дейін жалғасты. Қазан айында Orda.kz редакциясына шошқаның кесілген басы қалдырылды.236 2022 жылдың қазан айы мен 2023 жылдың қаңтар айы аралығында белгісіз адамдар El Media тәуелсіз ақпараттық сайты кеңсесінің шыны есіктері мен терезелерін алты рет сындырған.237 2023 жылдың қаңтар және ақпан айларында тәуелсіз журналист Динара Егеубаева238 мен бейнеблогер Вадим Борейконың239 көліктері өртенді. Қаңтар айында Борейконың пәтерінің кіреберіс есігі бұғатталып, оған от қойылды.240 2023 жылдың ақпан айында тәуелсіз журналист Данияр Молдабеков кіреберісте оған медициналық бетперде киген белгісіз адамның шабуылдағанын, бетін жұдырықпен ұрғанын және тыныш жүруді дөрекі түрде бұйырғанын хабарлады.241

2023 жылдың ақпан айында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті журналисттерге жасалған шабуылдардың «үйлестіруші» және «кәсіби хакер» ретінде аталған шетел азаматының ұсталғанын хабарлады. Одан тәркіленген айғақтар, соның ішінде. құрал-жабдықтар мен орындаушыларға төленген төлемдер туралы ақпарат шабуылдарды жүзеге асырумен айналысқан қылмыстық желінің бар екендігін дәлелі ретінде ұсынылды. Кейінірек, 2023 жылдың наурыз айында оның сыбайластары ретінде төрт шетел азаматы аталды242 және бұл іс бойынша тағы жеті күдікті қамауға алынды.243 Күш құрылымдарының хабарлауынша, бұл шабуылдар «үкіметтің журналистерді қудалауын» имитациялау үшін және «президент пен оның демократиялық реформаларының» беделін түсіру үшін жасалған.244 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап, 2023 жылдың ақпан айына дейін журналисттер мен блогерлерге қарсы қылмыс жасағаны үшін барлығы 18 адам ұсталды.245 Кейбір деректерді, соның ішінде El Media кеңсесіне жасалған шабуылды полиция ұсақ бұзақылық деп бағалады.246

Мұндай қорқыту әрекеттері тәуелсіз журналистикаға кері әсерін тигізіп, қазақстандық баспасөз қоғамдастығы мен халықаралық ұйымдардың, соның ішінде «Шекарасыз репортерлар» ұйымы мен Журналистерді қорғау комитетінің сынына ұшырады. АҚДМ өкілі «журналисттерге жасалған шабуыл – қоғам мен мемлекетке жасалған шабуыл» деп мәлімдеді;247 Президент Тоқаев бірнеше рет құқық қорғау органдарын осы деректерді тексеруге, қылмыскерлерді табуға және журналисттерді қорғауға шақырды.248

2022 жылдың шілде айында полиция мен жол инспекциясының жұмысындағы заң бұзушылықтар туралы жазатын «Дорожный контроль» тәуелсіз жаңалықтар сайтының журналисті Олеся Вертинская өз үйінің жанында соққыға жығылды. Шабуыл алдында ол жергілікті балық аулау компаниясы туралы материалдары үшін қоқан-лоқымен мәтіндік хабарламалар алған.249

2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде биліктегілер журналисттердің үйлеріне тінту жасап, олардың телефондарын тәркілеген.250 Orda.kz интернет-басылымының журналисті Леонид Рассказов наразылықтарды жариялау кезінде резеңке оқтан жараланды.251

Қазақстандағы ЛГБТ+ қауымдастығының мүшелері кейде желіде қудалауға ұшырап, өзіне-өзі цензура жасауға мәжбүр болады.252

C8: Сайттар, мемлекеттік және жекеше агенттіктер, қызмет көрсетуші провайдерлер немесе жекелеген пайдаланушылар елеулі бұзып енуге және кибершабуылдардың басқа түрлеріне ұшырайды ма? (0–3 ұпай): 0

Ұпайдың өзгеруі: Есепті кезеңде онлайн-басылымдар мен мемлекеттік органдар елеулі кибершабуылдарға ұшырағандықтан, балл 1-ден 0-ге дейін төмендетілді.

Есепті кезеңде тәуелсіз БАҚ-қа бірнеше ірі техникалық шабуыл жасалды. Мемлекеттік веб-сайттар мен жалпы қазақстандық интернет секторы да «шетелдік субъектілердің» көптеген елеулі кибершабуылдарына ұшырады.

2022 жылдың шілде айында Orda.kz253 және UlysMedia254 секілді тәуелсіз жаңалық сайттары бірқатар DDoS шабуылдарына ұшырады. Orda.kz редакциясының мәлімдеуінше, 2022 жылдың алғашқы алты айында олар үш рет осындай шабуылға ұшыраған. 2022 жылдың қыркүйек айында Toppress.kz, Sn.kz және NewTimes.kz те DDoS шабуылдарына ұшырағанын хабарлады.255 «Қазақтелеком» шабуылдардың шетелден шыққанын растады.256 Toppress.kz редакциясының айтуынша, олар Ресей армиясының Украинадағы әскери қылмыстары туралы БҰҰ баяндамасының материалдарын жариялағаннан кейін қиындықтарға тап болған.257 UlysMedia258және КазТАГ259 сайттары 2022 жылдың қазан айында DDoS шабуылдарына ұшыраған. 2023 жылдың қаңтар айында UlysMedia редакциясы сайтқа бұзып кірудің орын алғанын және оның бүлінгенін хабарлады, бұл ретте шабуылдаушылар онда басылымның бас редакторы Самал Ибраеваның жеке деректерін, жеке басын куәландыратын құжаттарын және отбасылық суреттерін жариялаған.260 2023 жылдың наурыз айында Factcheck.kz сайты да DDoS шабуылы туралы хабарлады.261

2022 жылдың қыркүйек айында МТҚ қазақстандық интернет сегментіне шетелден ауқымды үйлестірілген кибершабуылдар туралы хабарлады,262 бұл – магистралдық желілердің айтарлықтай шектен тыс жүктелуін тудырған.263 Кейін МТҚ 2022 жылдың қараша айындағы президент сайлауы қарсаңында Қазақстанда интернеттің жұмысын бұзуды көздеген 20 миллионға жуық кибершабуылға тойтарыс берілгенін хабарлады.264 Президент Тоқаев бұл оқиғаларды «аласапыран тудыру және оң реформаларға кедергі жасау» әрекеті деп мәлімдеді265. Кейбір сарапшылар бұл мәселелердің Ресейдегі әскери жұмылдырумен және әскер жасындағы ерлердің ол жақтан Қазақстанға жаппай қашуымен тұспа-тұс келгенін атап өтті; кейбір сарапшылар бұл шабуылдарды хакерлердің Ресейге жасаған жаһандық шабуылдарының жаңғырығы деп есептеді.266

2023 жылдың наурыз айында МТҚ киберқауіпсіздік саласындағы оқыс оқиға туралы хабарлады, оның барысында шетелдік хакерлер тобы бірқатар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың аппараттық және бағдарламалық жасақтамасын бұзып, файлдарды ұрлады деген болжам бар.267

On Kazakhstan

See all data, scores & information on this country or territory.

See More
  • Population

    19,620,000
  • Global Freedom Score

    23 100 not free
  • Internet Freedom Score

    37 100 not free
  • Freedom in the World Status

    Not Free
  • Networks Restricted

    Yes
  • Websites Blocked

    Yes
  • Pro-government Commentators

    Yes
  • Users Arrested

    Yes